Шіл 14, 2023 17:53 Asia/Almaty
  • Италияның Теһрандағы елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Италия парламентінің бірнеше өкілі  Мұнафеқин лаңкестік тобының жетекшісін  осы елдің парламентінде қабылдауынан кейін Италияның Теһрандағы елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Оған лаңкестік қылмыскерді қабылдау терроризмді насихаттаудың және ынталандырудың айқын мысалы екені айтылды.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің Батыс Еуропа бас директоры  Маджид Нили Ахмадабади бұл әрекетке наразылық ретінде кеше (бейсенбі) Италияның Теһрандағы елшісі  Джезупе Перронені  Иранның Сыртқы істер министрлігіне шақырды және  Италияның лаңкестікпен күресудегі халықаралық міндеттемелеріне тоқталып: «Италияның бірнеше өкілінің лаңкестік қылмыскерді қабылдауы лаңкестікті ілгерілету мен ынталандырудың айқын мысалы болып табылады және Иран Ислам Республикасы лаңкестік әрекетті ешкімнен ешбір түрде қолдамайды және оны қатаң айыптайды»,- деді.

Теһрандағы Италия елшісі жағдайды тез арада өз елінің астанасына жеткізетінін мәлімдеді.


 

 

Тегтер