Қалибаф: Иранның аумақтық тұтастығын ешбір тараппен бітімге келтіру мүмкін емес
(last modified Sun, 16 Jul 2023 07:57:34 GMT )
Шіл 16, 2023 13:57 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Иранның аумақтық тұтастығын ешбір тараппен бітімге келтіруге болмайтынын қуаттады.

Мұхаммад Бқер Қалибаф  Иранның аумақтық тұтастығын ешбір тараппен келісу мүмкін еместігіне тоқталып: «Өзі Батыс пен Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы «НАТО» геосаяси экспансионизмінің құрбаны болып, оған қарсы күресіп жатқан Ресей Батыстың Парсы шығанағын тұрақсыздандыру жөніндегі геосаяси жоспарына көмектеспеуі керек»,- деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қалибаф Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мен Ресейдің Иранның үш аралына қатысты жуырдағы ортақ мәлімдемесін сынап: «Ислам кеңесі Парсы шығанағы елдері мен Ресейдің Иранның үш аралына қатысты ортақ мәлімдемесін үзілді-кесілді жоққа шығарады. Біз Иранның көршілеріне, соның ішінде Ресейге аймақтағы тұрақтылық пен экономикалық дамудың сақталуы тек тату көршілік, оның ішінде Иранның аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын сақтау негізінде мүмкін екенін жариялаймыз. Шынайы тарихи құжаттар бұл аралдардың Иранға тиесілі екенін дәлелдейді және саяси мәлімдемелер тарихи фактілерді бұрмалай алмайды»,- деді.