Шіл 16, 2023 18:06 Asia/Almaty
  • Иранның Энергетика министрі: Иран Хирманд өзенінің суынан үлес алу құқығынан бас тартпайды

  Иранның Энергетика министрі елінің Хирманд (Гильменд) өзенінің суынан үлес алу құқығынан бас тартпайтынын мәлімдеді.

 

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Әлиакбар Мехрабиан  кеше сенбі күні бір топ журналистер Хирманд суын босатуға қатысты әртүрлі кеңестерге қарамастан, бұл мәселе әлі жүзеге аспағанын атап өтіп: «Президент осы мәселеге баса назар аударып, барлық шенеуніктерді осы мәселеге назар аударуды сұрады»,- деді.

Иранның Энергетика министрі су құқығының жүзеге асырылмағанына қарамастан, сумен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеп: «Ең маңызды шара - бұл облыстың қажеттіліктерінің бір бөлігін қамтамасыз ете алатын Систан мен Белуджистандағы Тахлаб жазық сулы горизонтынан суды тасымалдау»,- деді. Мехрабиан Оман теңізінен Систан мен Белуджистанға, Разави мен Оңтүстік Хорасанға су жеткізуді жүзеге асырылып жатқан басқа шаралардың бірі ретінде атап өтті.

Тегтер