Батыс ақпарат құралдары басып алынған аумақтардағы шерулерді жариялауда  екіжүзді стандарттарды қолдануда
(last modified Sun, 16 Jul 2023 12:09:26 GMT )
Шіл 16, 2023 18:09 Asia/Almaty
  • Батыс ақпарат құралдары басып алынған аумақтардағы шерулерді жариялауда  екіжүзді стандарттарды қолдануда

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Батыс медиа империясы басып алынған аумақтардағы наразылық білдірушілерді басып-жаншуға көз жұма отырып, наразылық акцияларын Израильдегі жалған демократияның символы ретінде көрсетеді»,- деді.

 

Насер Канани Чафи бүгін жексенбіде Twitter-де: «Басып алынған жерлердегі жүздеген мың адамның наразылық шерулері мен ереуілдері сионистік режимнің қауіпсіздік күштері мен полициясы шерушілерге қарсы ең заманауи зорлық-зомбылық құралдарын қолданып, қуғын-сүргінмен және өлген, жараланған және тұтқынға алынғандардың статистикасын жасырумен жалғасуда.  Батыс медиа империясы шерушілерге қарсы қысым мен зорлық-зомбылыққа, сондай-ақ сионистердің палестиналықтарды өлтіріп, қысым көрсетуіне цензура жасау тәсіліне көз жұмып, бұл наразылықтарды Израильдегі жалған демократияның символы ретінде көрсетуде. Дәл сол батыстық ақпарат құралдары Батыстың блогіне қосылмаған елдегі ең кішігірім жиындар мен наразылық шараларын кеңінен таратып, сөз бостандығы мен адам құқығын қорғаймыз деген үлкен өтірікпен әлемнің құлағына құяды немесе тәртіпсіздік пен бүлікті және қиратуды наразылық пен революция ретінде сипаттайды»,- деп жазды.