Шіл 19, 2023 17:29 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей мәселелерді диалог арқылы шешуді қуаттады

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялау арқылы Иран мен Ресей сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

 

Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Сергей Лавров екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелердің талқылады. Тараптар сонымен қатар аймақтық   мәселелерді келіссөздер мен диалог арқылы шешуге баса назар аударды.

Ресей мен Парсы шығанағының оңтүстік жағалауындағы елдердің бірлескен мәлімдемесіндегі Парсы шығанағындағы үш ирандық аралға қатысты тармақтың ережелеріне таңданысын білдірген Амир Абдуллахиан бұл аралдардың Иранға тарихи және мәңгілік тиесілі екеніне тоқталды. Ол: «ИИР-ның тәуелсіздігі, егемендігі және аумақтық тұтастығы ешбір жағдайда келіссөзде талқыланбайды»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі сонымен бірге Иран-Ресей қарым-қатынасын берік негізге ие деп атап, екі ел арасындағы терең қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін ешнәрсе істемеу керектігін атап көрсетті.

Ресей Сыртқы істер министрі Ресейдің БҰҰ Жарғысының барлық қағидаттарын, соның ішінде елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатысты принциптерін ұстанатынын қуаттап: «Ресей ИИР-ның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатысты ешқандай күмән тудырмайды және оны толығымен құрметтеген және құрметтейді»,- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер