Шіл 24, 2023 18:38 Asia/Almaty
  • Раиси: Құран кітабын өртеуге рұқсат беру – заманауи жәһілдіктің белгісі

Иран Президенті Құран кітабын өртеуге рұқсат беруді сөз бостандығына қайшы заманауи жәһілдіктің белгісі деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси үкімет жиналысында Құранды кәміл адам үшін жетекшілік және құтқарылу құралы деп атап: "Құранға құрметсіздік көрсетуге берілген рұқсат – сөз бостандығына қайшы заманауи жәһілдіктің белгісі",-деді.

Раиси: "Құранда баса айтылған бұйрықтардың бірі – кез келген қалыптағы жәһілдікпен күресу. Заманауи жәһілдіктің жақтастары осы тұрғыдан Құранға кектеніп отыр",-деді.

Раиси сондай-ақ әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұту күндерінің келіп жеткенін айтып, Ашураны танымды арттырудың бастауы деп сипаттап: "Ашура – адамгершілік, әділет, адалдық, жанпидалық пен қырағылық сияқты жоғары адами құндылықтар мен символдарды таныту үшін ең әдемі картина. Хазірет имам Хұсейн (ғ.) – осы картинаның жарық күні ретінде ауыр идеологиялық, ақлақтық, саяси-әлеуметтік дауылдарда адамды құтқаратын кеме",-деді.

Тегтер