Шіл 30, 2023 22:49 Asia/Almaty
  • Әлем шиіттерінің төртінші имамы хазірет Зейн әл-Абединнің шәһид болған күнінің жылдығына байланысты көңіл айтамыз

Бүгін, жексенбі х.қ.ж.с.б. 1445 жылы 12 мұхаррам, сәйкесінше 2023 жылы 30 шілде – Алла елшісінің шөберелерінің бірі әрі имам Хұсейннің (ғ.) ұлы "Саджад" деп аталған Зейн әл-Абединнің шәһид болған күнінің жылдығы.

Әлем шиіттерінің төртінші имамы хазірет Зейн әл-Абедин (ғ.) х.қ.ж.с.б. 38 жылы Мәдина қаласында дүниеге келген.

Кербала оқиғасы кезінде имам Саджад (ғ.) ауырып жатқан. Имам Хұсейннің (ғ.) ұлы қозғалысынан кейін ол осы қозғалыс үндеуін таратып, атасының жолын жалғастыруға қатысты ауыр жауапкершілікті мойнына алып, осы қозғалыстың болмысы мен маңыздылығын көрсетуге көп күш жұмсады.

Ол лайықты адамдарды жинап, діни тағылымдар үйреткен. Тарихи рауаяттар бойынша, хазіреттің көрнекті шәкірттерінің саны 170-тен асқан.

Мұсылмандар үшін имам Саджадтың құнды мұраларының бірі – "Сахифе-е Саджадие" атты дұғалар кітабы.

Тегтер