Теһран жұма намазының құтпалары
Там 04, 2023 19:31 Asia/Almaty
Теһран жұма намазының құтпагері Құран өртейтіндердің шын мәнінде өз-өзін өртеп жатқанын айтып: "Хақтың рақымы мен рухы болып санатын Құранның ақиқатына кез келген адам қол жеткізе алмайды. Құдайдың сөзіне бағынбау – сайтани рухтың белгісі",-деді.
Казем Седдиқи имам Хомейни атындағы "Мосалла" кешенінде өткен Теһран жұма намазының құтпаларында кейбір еуропалық елдерде Құран кітабы өртелгеніне тоқталып: "Құран өртейтін сұрқия адамдар бұл қасиетті кітаптың құпиясына жете алмай, шын мәнінде өз-өздерін өртейді. Сондай-ақ имам Хұсейннің (ғ.) қабірін өртеу – бұл адамдардың Құран мен пайғамбардың жанұясына қарсылығы мен қыңырлығының белгісі",-деді.
Тегтер