Там 05, 2023 13:50 Asia/Almaty
  • Иранның Ішкі істер министрі: Арбағин - өркениет қалыптастыратын ұлы оқиға

Иранның Ішкі істер министрі: "Арбағин - өркениет қалыптастыратын ұлы оқиға. Иран ислам революциясы Ашура негізінде жүзеге асырылды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Вахиди жұма күні Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысының орталығы Урумиеде Арбағин күркелерін ұйымдастырушылармен кездесуінде сөйлеген сөзінде: "Имам Хұсейн(ғ.) - хақ пен жалғанды бөліп тұратын басты өзек. Ашура мен Арбағин хақ пен жалғанды бір-бірінен айырып тұрады",-деді.Вахиди Хұсейн қозғалысының әлемдік сипат алып, жыл өткен сайын дамып келе жатқанын айтып: "Ұлы Арбағин қозғалысы дін мен Құдайға қарсы шыққан дұшпандармен күресу және рухани дүниені қорғау үшін құрылды. Ол азаттықты сүйетіндердің бәріне тиесілі",-деді.

Тегтер