Там 06, 2023 15:23 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Дұшпандардың халықты Әһл-е бейттен бөлу жоспары жеңіліс тапты

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Иранның мүмін халқы имам Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімдерін бұрынғыдан ауқымдырақ өткізді. Дұшпандардың халықты Әһл-е бейттен бөлу жоспары жеңіліс тапты",-деді.

Мұхаммед Бағер Қалибаф бүгін Мәжілістің ашық жиналысының басында: "Биыл Иранның мүмін халқы аза тұту рәсімдерін бұрынғыдан көбірек және ауқымдырақ өткізді",-деді.

Қалибаф: "Халықты Әһл-е бейттен бөлуді жоспарлаған дұшпандар тағы жеңіліс тапты. Әлем халықтарына біздің имам Хұсейннің(ғ.) халқы екеніміз, Иранның  Әһл-е бейтке махаббаты одан ары арта түскені дәлелденді",-деді.

 

Тегтер