Амир Абдуллахиан: Санкцияларды жою келіссөздері барлық тараптардың өз міндеттемелеріне толық оралуын бақылайды
https://itolqyn.com/news/iran-i71604-Амир_Абдуллахиан_Санкцияларды_жою_келіссөздері_барлық_тараптардың_өз_міндеттемелеріне_толық_оралуын_бақылайды
Токиода іссапармен жүрген Амир Абдуллахиан санкцияларды жою келіссөздерінің барлық тараптардың өз міндеттемелеріне толық оралуын бақылайтынын айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 07, 2023 14:21 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Санкцияларды жою келіссөздері барлық тараптардың өз міндеттемелеріне толық оралуын бақылайды

Токиода іссапармен жүрген Амир Абдуллахиан санкцияларды жою келіссөздерінің барлық тараптардың өз міндеттемелеріне толық оралуын бақылайтынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Токиода өткен баспасөз отырысында: "Еуроодақтың араағайындығымен өтіп жатқан келіссөздер барлық тараптардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне толық оралуын бақылайды",-деді.

Амир Абдуллахиан АҚШ-пен жанама келіссөздер туралы: "Тұтқындармен алмасу - гуманитарлық іс. Иран былтырдан бері АҚШ-пен жанама түрде сөйлесіп келеді",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Жапонияға сапар және екі елдің қарым-қатынасына тоқталып: "Иранның сыртқы саясат стратегиясында Азия елдері басты басымдыққа ие. Осы аяда Иран Жапониямен байланысты дамытуға баса назар аударып отыр",-деді.