Иранда өтетін парламенттік сайлаудың он екінші кезеңінің уақыт кестесі белгіленді
https://itolqyn.com/news/iran-i71608-Иранда_өтетін_парламенттік_сайлаудың_он_екінші_кезеңінің_уақыт_кестесі_белгіленді
Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың он екінші кезеңінің уақыт кестесі бойынша бүгін, дүйсенбіден бастап 7 күн бойы үміткерлерді бастапқы тіркеу жүргізіледі.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 08, 2023 09:31 Asia/Almaty
  • Иранда өтетін парламенттік сайлаудың он екінші кезеңінің уақыт кестесі белгіленді

Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың он екінші кезеңінің уақыт кестесі бойынша бүгін, дүйсенбіден бастап 7 күн бойы үміткерлерді бастапқы тіркеу жүргізіледі.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның парламенттік сайлауының он екінші кезеңіне үміткерлерді негізгі тіркеу 19-25 қазан аралында жүргізіледі.

Біліктілігі расталған үміткерлердің тізімі келесі жылы 21 ақпанда жарияланады.

Иранның парламенттік сайлауының он екінші кезеңі жұма күні, 2024 жылы 1 наурызда өтеді.