Иранда өтетін парламенттік сайлаудың он екінші кезеңінің уақыт кестесі белгіленді
Там 08, 2023 09:31 Asia/Almaty
Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың он екінші кезеңінің уақыт кестесі бойынша бүгін, дүйсенбіден бастап 7 күн бойы үміткерлерді бастапқы тіркеу жүргізіледі.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның парламенттік сайлауының он екінші кезеңіне үміткерлерді негізгі тіркеу 19-25 қазан аралында жүргізіледі.
Біліктілігі расталған үміткерлердің тізімі келесі жылы 21 ақпанда жарияланады.
Иранның парламенттік сайлауының он екінші кезеңі жұма күні, 2024 жылы 1 наурызда өтеді.