Иранның ұлттық командасы Түркияда еркін күрестен өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Там 08, 2023 09:33 Asia/Almaty
Иранның ұлттық командасы 2 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде алып, Түркияда жасөспірімдер арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының хабарлауынша, жасөспірімдер арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионаты 4-6 тамызда Стамбұлда өтті.Иран балуандары 45 және 65 салмақта 2 алтын, 60 және 71 салмақта 2 күміс, 48 және 92 салмақта 2 қола жүлде алып, 156 ұпаймен жеңімпаз атанды.АҚШ командасы 126 ұпаймен екінші орын, Жапония 106 ұпаймен үшінші орын алды.