Теһранда Иран мен BRICS елдерінің ынтымақтасу мүмкіндіктеріне арналған конференция өтеді
https://itolqyn.com/news/iran-i71620-Теһранда_Иран_мен_brics_елдерінің_ынтымақтасу_мүмкіндіктеріне_арналған_конференция_өтеді
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Теһранда "Иран мен BRICS елдерінің ынтымақтастық перспективасы" атты конференция өтетін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 08, 2023 09:39 Asia/Almaty
  • Теһранда Иран мен BRICS елдерінің ынтымақтасу мүмкіндіктеріне арналған конференция өтеді

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Теһранда "Иран мен BRICS елдерінің ынтымақтастық перспективасы" атты конференция өтетін хабарлады.

Насер Канани дүйсенбі күні баспасөз отырысында:"Ертең, сейсенбі Иран СІМ-нің халықаралық және саяси зерттеулер орталығында "Иран мен BRICS елдерінің ынтымақтастық перспективасы" атты конференция өтеді",-деді.

Канани Иран мен Ресей қарым-қатынасы және Ресейдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы рөліне тоқталып: "Осы туралы сөйлесу үшін кез келген мұрсатты пайдаланамыз. Иран тараптардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайтып оралуы үшін дипломатиялық жолдарды пайдаланады",-деді.

Канани Иран Сыртқы істер министрінің Жапонияға сапары және Теһран үкіметінің осы елде бұғатталған активтерін пайдалану тәсілі туралы айтып: "Амир Абдуллахиан кеше түнде өзінің жапон әріптесінің шақыруымен Токиоға барды",-деді.Канани: "Жапония үкіметі Иранның қарызын төлеуге дайын. Бұл істі атқаруға тырысады",-деді.