Ақпарат саласында сенім тудыру - ұлттық телерадио бірлестігінің беделін сақтау шарты
Иран Президенті ұлттық телерадио бірлестігін аралап, ақпарат таратуда беделді сақтау үшін көрермендердің сеніміне ие болу керегін айтып, дер кезінде ақпарат жеткізуді сенім тудырудың ең негізгі шарттарының бірі деп атады.
Раиси сөзінің жалғасында жауапты тұлғалар мен халықтың ақпараттық сауатын жоғарылату керегін айтып: "БАҚ-тың осал тұстарды анықтауға қатысты жұмыстарының нәтижесінде басшылар жауапкершілікті көбірек сезініп, осал тұстарды жоюға талпынады",-деді.Иран Президенті жауап бере білуді талап қоя білудің нәтижесі деп атады.
Раиси ұлттық медианың үміт тудыруда айшықты рөл ойнайтынын айтып, жартылай істелген жобаларды аяқтау үкіметтің күн тәртібіне қойылғанын айтып: "Иран Телерадио бірлестігі халықты үкіметтің елдегі қиындықтар мен тапшылықтарды анықтап жатқанына және тығырыққа тірелу жоқ екеніне сендіруі керек",-деді.