Теһран мен Токио дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар саласында әріптестікті кеңейтуі керек
Там 08, 2023 10:05 Asia/Almaty
Жапонияға іссапармен барған Иран Сыртқы істер министрі осы елдің Денсаулық сақтау министрімен кездесуінде Теһран мен Токио арасында дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар саласында әріптестікті кеңейту керегін айтты.
Амир Абдуллахиан Иранның жаңа технологиялар, әсіресе медицина саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткенін айтты.Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ коронавирус таралған кезде Жапония үкіметінің Иранға вакцина сыйлағанын құнды іс деп атады.Жапонияның Денсаулық сақтау министрі осы кездесуде Иранның жаңа медициналық технологиялар саласындағы жетістіктеріне ризалық білдірді.