Иран мен Сирия ауыл шаруашылығы саласында әріптестікті нығайтады
Там 08, 2023 10:27 Asia/Almaty
Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Сирияның Сауда және экономика министрімен кездесуінде Иранның Сириядағы инфрақұрылымды қайта жөндеу үшін техникалық білімін бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.
Никбахт: "Иран Сириямен егін егу, бау-бақша өсіру, балық шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларында әріптесуге дайын",-деді.
Никбахт екі елдің экономикалық байланыстарында бар кедергілерді жою керегін айтып, сириялық мамандарды Иранның жетістіктерімен танысу үшін осы елге келуге шақырды.