Там 09, 2023 18:09 Asia/Almaty
  • Ислами: Иран ауыр су өнімдерін экспорттауға дайын

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы елдің ауыр су өнімдерін экспорттауға дайын екенін мәлімдеді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами сейсенбі күні Атом қуаты ұйымының лазер саласындағы жетістіктеріне тоқталып: "ИИР лазер және биотехнология саласында дейтерий препараттары құрамында қолданылатын ауыр су өнімдерін шығара алды",-деді.

Атом қуаты ұйымының басшысы: "Ауыр су өнімдері – дамыған елдер қол жеткізген ең заманауи өнімдердің бірі. Бұл салада екі-үш ел ғана жұмыс істеп жатыр",-деді.

 

Тегтер