Там 09, 2023 23:13 Asia/Almaty
  • Урумиеде

Урумиеде ислам елдерінің ортақ құндылықтарға қол жеткізу мақсатында әріптесуі тақырыбында "Ислам бірлігі" атты үшінші аймақтық конференция басталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Мехди Құрейши Батыс Әзірбайжанда түрлі этностар мен діндер өкілдерінің тату тіршілік етіп жатқанын айтып: "Мешіттер, шіркеулер мен синагогалар бір көшеде бір-бірінің жанында орналасқан. Такабтағы зороастрлардың ең үлкен ғибадатханасы мен Макудегі армяндардың шіркеуі – облыстағы бірліктің белгілерінің бірі",-деді.

Сейіт Мехди Құрейши: "Имам Хомейни (р.) мен Ислам революциясы жетекшісінің баяндаларында мұсылмандар арасында бірлікті сақтау керегі баса айтылған. Бұл сөздерде тәуелсіздікке жету үшін бірлік пен ынтымақтастықты сақтаудың маңыздылығы көрініс тапқан",-деді.

Тегтер