Там 14, 2023 00:08 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауына 35613 үміткер алдын ала тіркелді

Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауына алдын ала тіркеудің аяқталуына бір күн қалғанда 35613 үміткер тіркелді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ІІМ Сайлау штабының баспасөз өкілі Мохсен Ислами кеше, сенбі: "Бүгін Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауына 7882 адам алдын ала тіркелді. Өткен 6 күнде сайлауға үміткерлер саны 35613 адамға жетті",-деді.

Исламидың айтуынша, алдын ала тіркелген үміткерлердің 87 пайызы – ер адамдар, 13 пайызы – әйел адамдар.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің алтыншы сайлауы 2024 жылы 1 наурызда өтеді.

Тегтер