Там 15, 2023 22:18 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының баспасөз өкілі: Шираздағы лаңкестік шабуылдың артында көптеген тыңшылық қызметтер тұр

Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз өкілі Шираздағы лаңкестік шабуылдың артында көптеген тыңшылық қызметтердің тұрғанын айтып: "ИИР-дың лаңкестерге жауабы кесімді де жойқын болады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сардар Рамзан Шариф дұшпандардың ұдайы бірқатар сюжет тудыру арқылы ақпараттық шабуыл жасауға талпынып жатқанын айтып: "Халықтың зиярат ететін орнына шабуыл жасау – дұшпанның әлсіздігінің белгісі",-деді.

Сардар Рамзан Шариф Шираздың Шахшырақ кесенесіндегі оқиғаға қатысы бар деген бірнеше күдікті ұсталғанын хабарлап: "Дұшпан Шахшырақ лаңкестік оқиғасында діни және қауымдық қайшылықтарды күшейтіп, көршілес елдер арасында алшақтық тудырды көздеп отыр",-деді.

Тегтер