Там 17, 2023 22:19 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Сақшылар корпусы – лаңкестікке қарсы ең ірі ұйым

Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар корпусы қолбасшыларымен кездесуінде осы корпусты лаңкестікке қарсы ең ірі ұйым деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпандар белсендігінің маңызды салаларының бірін Сақшылар корпусының келбетін бұзу деп атап: "Ислам революциясының Сақшылар корпусы – бүкіл әлемде лаңкестікке қарсы ең ірі ұйым",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бүгін таңертең Сақшылар корпусы қолбасшыларының жоғары кеңесінің 24-ші отырысына қатысушылармен кездесуінде осы корпустың құрылуы, дамуы мен гүлденуі, дағдарысты жеңуін әскери, халықтық және жасампаздық тұрғысынан бірегей әрі мақтаныш тудыратын қызмет деп атап, дұшпандардың елде дағдарыс тудырып, қауіпсіздікке қатер төндіріп, халықтың өмірін бұзу саясатын жалғастырып жатқанын айтып: "Ұлттық бірлікті сақтау, халықтың қатысуын қамтамасыз ету, халыққа, әсіресе әлеуметтік осал топтарға көмектесу, жауапты тұлғалардың тәулік бойы жан аямай жұмыс істеуі, революцияның мақсаттарына жетуға бағытталған қозғалысты жалғастырып, үміт пен құштарлықты сақтау дұшпанды жеңіліске ұшыратып, халықтың нақты жеңіске жететініне кепілдік береді",-деді.

Аятолла Хаменеи Сақшылар корпусын дағдарыстарды жеңудің және халықты құтқарудың факторы деп атап: "Дұшпан үздіксіз дағдарыстар тудыру арқылы революцияны жер жастандырып, 28 мордад төңкерісі сияқты әрекет жасап, революцияны толық тоқтатуды көздеді. Бірақ Сақшылар корпусы 28 мордад төңкерісінің қайталануының алдын алып, Иранның дұрыс жолдан таюына жол бермеді. Сол себепті дұшпандар Сақшылар корпусына қатты кектеніп отыр",-деді.

Иран Бүкіл күштерінің бас қолбасшысы Сақшылар корпусының Қасиетті қорғаныс жылдарындағы қызметін өте маңызды әрі жарқын тарау деп атап: "Күш-қабілеттерді күн сайын арттыру – осы корпус жұмысының тағы бір қыры. Бұл Иран үшін қауіпсіздік пен тежегіш күш қалыптастырды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі "Әскери шешім жолы қарастырылуда" деген сөйлемді қолданудың азаюы және қайталанбауын Сақшылар корпусының тежегіш қуатының нәтижесі деп атап: "Бұл сөйлемнің мағынасыз әрі түкке тұрғысыз екенін бәрі біледі",-деді.

Аятолла Хаменеи Сақшылар корпусының жасампаздық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешудегі қызметін мақтан тұтарлық, жарқын әрі теңдессіз деп бағалап: "Сақшылар корпусы табиғи апаттар мен коронавирус сияқты төтенше жағдайда халыққа қызмет етіп, бар күш-қуатымен мұқтажтықты жоюға тырысты",-деді.

Қоғамдық жұмыстарда әсерлі рөл ойнау және жастарды тарту – Сақшылар корпусының тағы бір қызметі. Ислам революциясының жетекшісі осы туралы: "Жастар Сақшылар корпусынан ғылым мен амал, идеализм мен реализм, қатты және жұмсақ күш құралдары, яғни халықпен байланысты көрген кезде одан үлгі алып, тартылады. Қасиетті кесенелерді қорғауға аттанған жастар мен қауіпсіздікті қорғау жолындағы шәһидтер Сақшылар корпусының осындай тартымдылықтарының нәтижесі және қажы Қасым Сүлеймани, Ходжаджи мен Ибрахим Хади сияқты тұлғалар қызметінің ықпалы саналады",-деді.  

Аятолла Хаменеи Сақшылар корпусының трансшекаралық әсерлерін маңызы әрі терең деп атап: "Сақшылар корпусының әртүрлі салалардағы қызметтері мен тартымдылықтары дұшпанды алаңдатып отыр. Сондықтан олар корпустың беделін түсіру үшін жалған қауесет таратып, бос әурешілікке салынып жатыр",-деді.

Тегтер