Раиси: Барша халық Сақшылар корпусын өзінің панасы мен құтқарушысы санайды
(last modified Fri, 18 Aug 2023 12:50:15 GMT )
Там 18, 2023 18:50 Asia/Almaty
  • Раиси: Барша халық Сақшылар корпусын өзінің панасы мен құтқарушысы санайды

Иран Президенті Сақшылар корпусының ең негізгі екі мақтан тұтарлық ерекшелігі – рухани және әлеуметтік капиталы барын айтып: "Шиіт, сүннит, мұсылман және мұсылман еместің барлығы бүгінде Сақшылар корпусын пана санайды",-деді.

Иран Президенті Сақшылар корпусының қолбасшылары және жауапты тұлғаларының жоғары кеңесінің 24-ші отырысында: "Әлемде заманауи әскери техникалармен жарақталған армиялар көп. Бірақ Сақшылар корпусын басқа қарулы күштерден айыратын нәрсе – корпустың қасиеттілігі. Бұл қасиет осы революциялық органның орталықпен байланысы арқасында пайда болды",-деді.  

Раиси Сақшылар корпусының тағы бір ерекшелігін Имам Заман(ғ.) орынбасарының бұйрықтарына бас ұрып, толық орындауы деп атап: "Сақшылар корпусы Ислам революциясы мен оның жетістіктерін сақтап, қорғауға негізделген қасиетті орнымен қоса, қасиетті амалға да ие. Біздің жоғары мәртебелі шәһидтер – осы қасиетті амалдың айшықты үлгілері",-деді.

Иран Президенті рухани және әлеуметтік капиталды Сақшылар корпусының артықшылық факторларының бірі деп сипаттап: "Қазіргі таңда барша халық  Сақшылар корпусын қауіпсіздікке кепілдік берер пана деп санайды. Корпустың аймақтағы қызметі халыққа қауіпсіздік сыйлайды",-деді.

Раиси: "Сақшылар корпусының барлық салалардағы қызметі қауіпсіздік пен тыныштық тудырып, үміт сыйлайды. Сақшылар корпусы пен ислам үмбетінің қайратты күрескерлері ДАИШ-ке қарсы шықпағанда қазіргі таңда бүкіл Еуропаны ДАИШ лаңкестері басып алған болар еді",-деді.