Там 18, 2023 20:07 Asia/Almaty
  • Иранның қызыл алтынын экспорттау көлемі артты

Иранның Ұлттық шафран кеңесі төрағасының орынбасары: "Биылғы жылдың алдыңғы 4 айында 13 тонна 600 кг-нан аса шафран экспортталды. Былтырғы жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда бұл салмақ тұрғысынан 63 пайызға, құн тұрғысынан 70 пайызға артық",-деді.

Мири: "Шафран экспортының арту үдерісі жалғасын табады",-деп болжады.  

Иран – әлемде шафран өндіретін ең ірі ел. Парсы шығанағының оңтүстігіндегі елдер – Ираннан шафран импорттайтын басты тұтынушылар.

 

Тегтер