Там 18, 2023 21:13 Asia/Almaty
  • Иранның Барлау министрлігі:  Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылға қолдау жасаған ең негізді адам ұсталды

Ұсталған лаңкес ДАИШ-тың Сирия мен Ауғанстандағы амалдарын басқарушымен тікелей байланыста болған.

Иранның Барлау министрлігі: "Былтыр Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылдан соңғы шабуылға дейін осыған ұқсас әрекеттерді жасағысы келген 196 тәкфирлік лаңкес анықталды",-деді.

Иранның Барлау министрлігі: "Жуырда Шахшырақ кесенесіне лаңкестік шабуыл жасаған адам – Тәжікстан азаматы әрі ДАИШ мүшесі. Ол Telegram әлеуметтік желісі арқылы осы лаңкестік топқа тартылған. Бұл адам Тәжікстан, Түркия мен Пәкістаннан өтіп, Ауғанстанның Бадахшан облысында дайындалып, шығыс шекарадан Иранға заңсыз кірген",-деді.

Иранның Барлау министрлігі Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылдарда мән бар екенін айтып: "Бірінші лаңкестік шабуыл былтыр күзде болған бүліктермен бір мезгілде жасалса, екінші лаңкестік шабуыл осы бүліктерге бір жыл толу қарсаңында орын алды",-деді.  

Иранның Барлау министрлігі: "Соңғы күндері лаңкестер ошақтарынан жіберілген басқа да маңызды элементтер қауіпсіздік күштерінің құрығына түсті. Олар жайлы тиісті уақытта хабарланады",-деді.

Тегтер