Там 19, 2023 21:06 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Өткен жылғы бүліктерде ИИР-дың қасиеттті жүйесін құлатуды көздеген дұшпандар жойылды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері сейіт Ахмет Хатами: "Дұшпандар кейінгі жылдары ИИР-ға қарсы қолдан келгенінің бәрін жасады. Соңғы бүліктерде олар режимді құлатуға келдік деді, бірақ өздері құлап, жойылды",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері бейсенбі күні Ислам революциясы жетекшісінің Сақшылар корпусы қолбасшылардың жоғары кеңесінің мүшелерімен кездескенін айтып, онда талқыланған кейбір өзекті мәселелерге, соның ішінде дұшпандардың Сақшылар корпусының келбетін бұзу үшін жасаған талпыныстарына тоқталып: "Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, Сақшылар корпусы – бүкіл әлемдегі лаңкестікке қарсы ең ірі ұйым",-деді.

Аятолла Хатами Шахшырақ кесенесінде жасалған лаңкестік шабуылға тоқталып, ДАИШ-ты АҚШ құрып дайындағанын айтып: "Лаңкестік қылмыс тез қарастырылып, шәһидтердің жазықсыз төгілген қанының кегі алынатыны сөзсіз",-деді.       

Тегтер