Там 21, 2023 00:34 Asia/Almaty
  • Шәһидтердің шынайы өмірін жас ұрпаққа жеткізу – маңызды міндет

Ислам революциясы жетекшісінің 22 мордадта Ардебиль облысының 3400 шәһидін еске алуға бағытталған ұлттық конгресс штабының мүшелерімен кездесуіне арналған баяндамасының мәтіні бүгін таңертең Сезаварда өткен форумда жарияланды.

Аятолла Хаменеи осы кездесуде шәһидтердің жолын сақтау және жалғастыру, сондай-ақ шәһидтердің шынайы өмірін жас ұрпаққа жеткізуді маңызды міндет деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі: "Дұшпандардың Ислам революциясына қарсы танымдық, экономикалық, саяси және қауіпсіздік соғысында күресудің жолы – шәһидтердің жолын жалғастыру және олардың сабақтарынан, яғни талпынуы мен қарсыласуынан үлгі алып орындау",-деді.

Аятолла Хаменеи Құран аяттарына сүйене отырып, шәһидтердің Алланың алдындағы жоғарғы орнына және Оның ерекше ризығына тоқталып: "Алла шәһидтердің қанына береке береді. Хазірет Аба Абдулланың қаны – ең жоғары әрі көрнекті үлгі. Бұл Кербала оқиғасының тарихта тірі қалуына, күн сайын мұсылмандар мен мұсылман еместер арасында хазіретке құрмет пен махаббаттың арта түсуіне себеп болды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпандардың талпыныстарына қарамастан, биыл мұхаррам айының алғашқы он күнінде аза тұту рәсімдерінің өткенін және Арбағин шеруі ауқымды түрде атап өтілетінін Алла тағаланың Кербала шәһидтерінің қанына маңыз бергенінің үлгілері деп атап, шәһидтердің жолы мен қанын сақтау және тұрақтандыру қажеттігін баса айтты.

Аятолла Хаменеи Ардебиль халқының күрес майданының алдыңғы сапында тұрғанын айтып: "Қасиетті қорғаныс кезінде шамамен 35 мың жауынгерді майданға жіберіп, 3400 шәһид бергенін Ардебиль халқының жанпидалылығының белгісі деп атап, мұндай қасиет аймақтың жас ұрпағына таныстырылуы керек",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Ардебиль ұлттық және исламдық құндылық тұрғысынан Иран халқына бағалы. Өйткені Иранның бірлігі мен біртұтастығы және елде Әһл-е бейт мазхабының таралуы Сефевилер заманында Ардебильден басталды",-деді.

Тегтер