Иран Барлау министрі: Батыс елдерінің тыңшылық қызметтері Ислам революциясына қарсы күресін жалғастырып жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i71904
Иран Барлау министрі: "50-ден аса тыңшылық қызметі Ислам революциясына қарсы күресу үшін өз құрылымында Иран бөлімін ашты",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 22, 2023 00:54 Asia/Almaty
  • Иран Барлау министрі: Батыс елдерінің тыңшылық қызметтері Ислам революциясына қарсы күресін жалғастырып жатыр

Иран Барлау министрі: "50-ден аса тыңшылық қызметі Ислам революциясына қарсы күресу үшін өз құрылымында Иран бөлімін ашты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Барлау министрі Исмаил Хатиб Сақшылар корпусы қолбасшыларының жоғары кеңесінің 24-ші отырысында: "АҚШ-тың аймақтағы абсолютті күші джиһадшылар мен Сақшылар корпусы тарапынан жеңіліске ұшырады. Вашингтон әлі күнге дейін осы жеңілістің есесін қайтарудың жолын іздеп жатыр",-деді.

Исмаил Хатиб АҚШ-тың ДАИШ-ты қалыптастыруы және лаңкестердің сионистік режиммен байланысына тоқталып: "Қазіргі таңда Иранның барлау органдары Франция, Швеция, Ұлыбритания мен басқа елдердің тыңшыларын анықтады. Тіпті олардың кейбіреуін қысымға қарамастан өлім жазасына кесіп, үкімді орындады",-деді.