Там 22, 2023 20:34 Asia/Almaty
  • Раиси мен үкімет мүшелері имам Хомейнидің (р.) арман-мақсаттарына адалдықтарын тағы растады

Иран Президенті мен үкімет мүшелері имам Хомейнидің (р.) кесенесіне барып, Ислам республикасының негізін қалаушы мен Ислам революциясы шәһидтерінің арман-мақсаттарына адалдықтарын тағы растады.

Ибрахим Раиси мен үкімет мүшелері сейсенбі күні таңертең Үкімет апталығының қарсаңында имам Хомейнидің (р.) кесенесіне барып,  Ислам республикасының негізін қалаушысына Құран бағыштап, оның және Ислам революциясы шәһидтерінің арман-мақсаттарына адалдықтарын тағы растады.

Бұл рәсімге имам Хомейнидің (р.) кесенесін басқарушы сейіт Хасан Хомейни де қатысты.  

Иран Президенті мен үкімет мүшелері рәсімнің жалғасында Беһешт-е Заһрадағы(с.) шәһидтер Раджаи, Баһонар, Бехешти, үкімет шәһидтері, 7 тир шәһидтерінің басына барып, Құран бағыштап, Ислам революциясының шәһидтеріне құрмет білдірді.

Тегтер