Там 29, 2023 14:19 Asia/Almaty
  •  Амир Абдуллахиан: Арбаин шеруі - зұлымдыққа қарсы күрестің символы

Иран Сыртқы істер министрі: «Арбаин шеруі зұлымдыққа қарсы күрес пен азаттыққа шақырудың символы және әлемде әділеттілікке жету жолындағы шексіз күрестің үлгісі болып табылады",- деді.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ирактың «Әз-Зора» және «Ас-Сабах» газеттерінде жарияланған хабарламада, Хұсейн Амир Абдуллахиан: "Дүниежүзіндегі адамзат қоғамының ең үлкен жиындарының бірі ретінде Имам Хұсейннің (ғ.с.) Арбаин шеруі әлемнің түкпір-түкпірінен әртүрлі ұлттар, түстер мен тілдердегі миллиондаған мұсылмандар қатысатын үлкен, ерекше және тамыры терең қозғалыс болып табылады",- деп айтылды.  Амир Абдуллахиан Арбаинді нұр жолы деп сипаттады және бұл нұр ​​жолының Ислам дұшпандарының ашуын тудыратынына тоқталып: "Исламның дұшпандары, әсіресе сионистік режим мұндай ынтымақ пен ұлылықтан қорқып, түрлі жолдармен мұсылмандар арасында алауыздық тудыруға және ислам елдерінде экстремистік идеяларды насихаттауға тырысатыны  анық. Осы арам пиғылды идеологиямен күресу үшін бұл жауластықтар аймақ тұрғындарынан жоғары қырағылықты талап етеді",- деді.

 

Тегтер