Там 30, 2023 16:38 Asia/Almaty
  • Иран мен Испания Сыртқы істер министрлері  Иран мен Еуропаның қарым-қатынасын талқылады

ИИР Сыртқы істер министрі испаниялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесуінде Испанияның Еуропалық Одаққа төрағалығына сілтеме жасап, Иран мен Еуропалық Одақ  арасындағы диалог пен ынтымақтастық  үдерісін ілгерілетуге баса назар аударды.

 

Хұсейн Амирабдуллахиан мен Хосе Мануэль Альбарес телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрі Испаниядағы жуырда өткен парламенттік сайлауға назар аударып, Теһран мен Мадрид қарым-қатынастарын кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Испанияның Сыртқы істер министрі осы сұхбатта Иран мен Испанияның тарихи қарым-қатынастарына тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюін құптады. Альбарз мырза екі ел арасындағы ынтымақтастық салаларын еске салып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ екі тарап консулдық ынтымақтастықтың соңғы жай-күйін қарастырды.

Тегтер