Там 30, 2023 16:50 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Чабахарды дамыту жөніндегі келіссөздердегі ілгерілеушілікке ризалығын білдірді

Иран Сыртқы істер министрі Иранның Үндістандағы елшісімен кездесуінде Чабахар портын дамытуға қатысты Теһран-Дели келіссөздеріндегі соңғы ілгерілеушілікке ризалығын және Чабахар бойынша соңғы келісімге жақын арада қол қойылады деген үміт білдірді.

 

Иранның Үндістандағы елшісі Илахи Амирабдуллахианмен кездесуінде Иран мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жағдайы және екі елдің ортақ экономикалық комиссиясының өткізілуі туралы баяндама жасады. Бұл кездесуде Амирабдуллахиан Үндістанды халықаралық «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің маңызды және белсенді мүшесі деп санап, бұл елдің Иранның шығысына қарай көзқарастағы маңызды ұстанымына тоқталып, ортақ жобаларды жүзеге асыруды жеделдету және екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуді қуаттады.  

ИИР Сыртқы істер министрі Үндістанның Иранның БРИКС-ке мүшелігін аяқтаудағы қолдауын жоғары бағалай отырып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы екіжақты қарым-қатынастар түрінде және БРИКС аясында одан әрі кеңейетініне сенім білдірді.  

Тегтер