Қыр 03, 2023 15:15 Asia/Almaty
  • Иерусалим Пост: Иранда Як-130 ұшағының орналасуы – аймақта үлкен өзгерістің белгісі

Сионистік газеттің жазуынша, Иранда Як-130 ұшағының орналасуы – аймақта үлкен өзгерістің белгісі. Бұл Иранда әскери әлеуеттің артқанын көрсетеді. Ирандық ұшқыштар дамыған ұшақтарды жүргізуге үйренеді.

Як-130 ұшақтарының ИИР армиясының әуе күштеріне тапсырылуы Ресеймен қару-жарақ келісімшарттары аясында жүзеге асырылды.

"Иерусалим Пост" газеті: "Бұл ұшақ Ресейде дамытылып, әскери ұшақтар үшін оқу-жаттығу джеті ретінде қолданылады. Бұл қырғи ұшақ ұшқыштарға Су-35 немесе Су-57 ұшағын жүргізуді меңгеруге көмектесе алады. Сондықтан Иран әуе күштері үшін айтарлықтай жоғарылау деген мағынаны береді. Өйткені Иранның авиациясы ескілеу ұшақтардан тұрады",-деп хабарлады.

 

Тегтер