Қыр 06, 2023 12:24 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан Арбағин рәсімі күндеріндегі Ирак үкіметі мен халқының қонақжайлылығын жоғары бағалады

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан сейсенбі күні Ирактың Сыртқы істер министрі Фавад Хұсейнмен телефон арқылы сөйлесуінде Ирак үкіметі мен халқының ұлы Арбағин рәсімін өткізудегі көмегі, қарсы алуы және қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді және алғыс айтты.

 

Иран Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Амирабдуллахиан  Арбағиннің имам Хұсейннің (ғ.с.) жанкүйерлері мен ізбасарлары және әлемнің азат халқы үшін маңыздылығына тоқталып, әртүрлі елдерден миллиондаған қажылардың жиналуын ұйымдастырудағы үкіметтің басқаруы мен Ирак халқының қонақжайлылығын дос әрі бауырлас Ирак еліндегі бедел мен тұрақтылықтың белгісі деп атады.

 

Тегтер