Қыр 08, 2023 15:59 Asia/Almaty
  • Иранда ғарыштық навигация саласында алғашқы зерттеу жерсерігі жасалады

Иранның ғарыш ұйымының баспасөз өкілі елдің ғарыштық навигация саласында "Пәжуһеш-1" атты алғашқы зерттеу жерсерігі жасалатынын хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Хұсейн Делириан Х әлеуметтік желісінде: "Иранның әуе-ғарыш зерттеу институты жеке секторды қолдау мақсатында "Пәжуһеш-1" атты алғашқы зерттеу жерсерігін жобалау, жасау және орбитаға шығару үшін мемлекеттік тендер өткізуді көздеп отыр",-деп жазды.

Осы жазбаның жалғасында: "Пәжуһеш-1" шын мәнінде ғарыштық навигация саласында зерттеу жерсерігі болады",-деліген.   

Тегтер