Қыр 08, 2023 19:23 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Ирак үкіметі мен халқын миллиондаған Арбағин зияратшысын қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Сәрсенбі, х.қ.ж.с.б. 1445 жылы 20 сафарда, сәйкесінше 6 қыркүйекте Арбағин Кербала даласында шәһид болған әлем шиіттерінің үшін имамы хазірет Хұсейн(ғ.) мен оны серіктерінің қырқы болды.  

Хазірет Аббастың(ғ.) қасиетті кесенесінің басқармасы: "Биыл Арбағин рәсіміне 22019146 зияратшы қатысты",-деп хабарлады.  

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері сейіт Мұхаммед Хасан Абуторабифард: "Осы ұлы саяси, мәдени, діни және әлеуметтік қозғалысқа 4 млн-нан аса ирандық қатысып, ұлы ерлік дастанын тудырды. Ирак үкіметі мен халқының осы ұлы оқиғаны тудырудағы рөлі ешкімге жасырын емес",-деді.

Абуторабифард Арбағин зияратшыларына құрмет білдіріп, қызмет еткен Ирактың ерлері мен әйелдері, күркелері мен топтарына алғыс айтты.

Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ Иран мен Ирак үкіметтеріне биылғы Арбағин рәсіміне қатысты ұйымдастырған бағдарламаларына алғыс айтып: "Теһран халқының хазірет Абдулазим әл-Хасани кесенесі маңында Арбағин шеруіне кең ауқымды қатысуы Иран халқының исламдық құндылықтар мен Әһл-е Бейт тағылымдарына иман келтіріп, сенетінін көрсетті",-деді.

Тегтер