Қыр 09, 2023 15:25 Asia/Almaty
  • Сардар Қаани шәһид Әбу Мәһди әл-Мохандис қабіріне барды

Арбағин рәсімінен кейін Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Каани шәһид Сүлейманидің серігі шәһид Әбу Мәһди әл-Мохандистің Вади әл-Салам зиратындағы қабіріне барды.

 

Бұған дейін Сардар Қаани Кербала барар жолда «Әл-Ақса шақыруы» шатырына барып, шеруге қатысқан ғалымдар тобымен кездесті. Сардар Қаани: "Қарсыласу осінің бірлігі мен палестиналықтардың табандылығының арқасында Құдс жақын арада азат болып, басқыншы режим жойылады",- деді.

Палестиналық ғалымдар мен азаматтардың ұйымдастыруымен  биыл екінші жыл  «Әл-Ақса шақыруы» шатыры Ирактағы Арбағин рәсіміне қатысты.

 

Тегтер