Қалибаф: Ислам елдері мұсылмандарды қорлағандармен күресуі керек
(last modified Tue, 26 Sep 2023 10:07:31 GMT )
Қыр 26, 2023 16:07 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Ислам елдері мұсылмандарды қорлағандармен күресуі керек

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы: «Барлық ислам елдері халықаралық қауымдастық пен Біріккен Ұлттар Ұйымынан мұсылмандарды қорлайтын әрекеттерді қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы осы қылмыстарды жасағандармен күресуді сұрайды",- деп баса айтты.

 

Мұхаммад Бақер Калибаф кеше (дүйсенбі) виртуалды түрде және  вебинар арқылы өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің Парламентаралық Одағының отырысында: "Исламофобия мен діни төзімсіздік ислам елдеріне қауіп төндіруде",- деді. Khane Mellat ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Парламент спикері сөзін жалғасында: "Швецияда, Данияда және Францияда сөз бостандығы деген желеумен Құран Кәрімді қорлаудың қайталануы Батыстың адам құқықтары стандарттарына қатысты қос стандартын білдіреді. Бұл Исламға қарсы өшпенділік пен зорлық-зомбылықты тарату мақсатын және сөз бостандығын қарама-қайшы түсінуді көрсетеді",- деп мәлімдеді. Қалибаф мұндай әрекеттердің перде артында жаһандық сионистік желінің тұрғаны туралы түрлі дәлелдер бар екеніне тоқталып: "Сионистердің мұндай шараларды әзірлеудегі мақсаты – әлемде діни соғыс тудырып, Батысты Ислам әлеміне қарсы өзін қолдауға мәжбүрлеу",- деп айтты.