Лариджани исламдық үкіметтерге: Қай жақта екендеріңді анықтаңыздар; АҚШ сіздерге ешқандай адалдық танытпайды
ParsToday - Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Али Ларижани исламдық үкіметтерге арналған 6 бөлімді мәлімдемеде: «Рамазан соғысында міндеттеріңізді анықтаңыздар, мұсылман Иран елі тарапындасыздар ма әлде АҚШ пен Израиль жағында ма?» деген сұрақты көтерді.
ParsToady-дің Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Али Лариджани дүйсенбі күні исламдық үкіметтерге арналған мәлімдеме жариялап:
«Иран америка-сионистік алдамшы шабуылға тап болды, тіпті келіссөздер кезінде, оның мақсаты Иранды бөлу болды. Ислам революциясының ұлы және жанкеш жетекшісі, бір қатар қарапайым халық және әскери қолбасшылар шәһид болды. Сондықтан жау ирандықтардың ұлттық және исламдық қарсылығына тап болды»,- деп мәлімдеді.
Мәлімдеменің жалғасында: «Білесіздер ме, бір санаулы жағдайларда болмаса, оның өзі тек саяси тұрғыдан, ешбір исламдық үкімет Иран халқына көмекке келмеді? Бірақ Иран халқы күшті ерік-жігерімен зұлым жауды басып-жаншыды. Қазір жау бұл стратегиялық тұйықтан қалай шығуын білмейді»,- деп айтылды.
Бұл мәлімдеме былай деді: «Иран үлкен және кіші шайтанға (АҚШ пен Израильге) қарсы тұру жолын жалғастырады, бірақ исламдық үкіметтердің әрекеті Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзімен қайшы келмей ме: «Егер мұсылманның шақыруына жауап бермесеңіз, мұсылман емессіз?! Бұл қандай мұсылмандық?!»
Лариджани: «Кейбір елдер тіпті одан алға кетіп «Елдеріңіздегі АҚШ базалары мен АҚШ пен Израиль мүдделерін нысанаға алғаны үшін Иран біздің жауымыз» деді! Елдеріңіздегі АҚШ базаларынан Иранға шабуыл жасалып жатқан кезде, Иран қолын қусырып отыруы керек пе?! Олар сылтау іздейді. Бүгінгі шайқаста бір жағында АҚШ пен Израиль, екінші жағында мұсылман Иран және Қарсылық күштері. Сіз қай жақтасыз?» деп баса айтты.
Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: «Ислам әлемінің болашағы туралы ойланыңдар. Білесіздерме, АҚШ сіздерге ешқандай адалдық танытпайды және Израиль сіздердің жауыңыз. Бір минут өзіңіз бен аймақтың болашағы туралы ойланыңдар. Иран сіздерге жақсылық тілейді, сіздерді билеп-төстегісі келмейді»,- деп мәлімдеді.
Мәлімдеменің соңында: «Ислам үмметінің бірлігі барлық күшімен елдердің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін барлығы үшін қамтамасыз етіп, кепілдік бере алады»,- деп айтылды.