Қыр 26, 2023 17:15 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: БАҚ-тың Иранға қарсы шабуылдары Хиросиманы ядролық бомбалаумен бірдей

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы дұшпандардың ақпарат құралдарының ирандық жастарға қарсы шабуылдарын Жапонияның Хиросима мен Нагасакиді ядролық бомбалауымен салыстырды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал-майор Хұсейн Салами Теһран университетінің ардагерлерінің басқосуында университеттің Иранның әлемдік беделі мен сипатының көрінісі болып табылатынына тоқталып: "Бүгінде дұшпандар ирандық жастардың ақыл-ойын бұрмалау, жүректерді жаулап алу, ой-сана және сенім атмосферасына үстемдік ету үшін университетті бар күш-жігерінің орталығына айналдырды",- деді. Генерал-майор Салами Иран халқының экономикалық санкциялар, ауыр мәдени басқыншылық және жаһандық психологиялық операциялармен бетпе-бет келіп отырғанын баса айтып: " Ірі елдердің басшылары мен әлемнің барлық лаңкестері Иранмен соғысты және соғысуда, егер Ислам республикасы бір сәт іркіліп қалса, елдің тағдыры өзгереді. БАҚ шабуылдары, ирандық жастардың ойлауын жеңу үшін виртуалды кеңістік Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Хиросима мен Нагасакиде жаппай қырып-жою қаруын қолданумен ұқсас нәрсе",- деп айтты.

 

Тегтер