Қыр 27, 2023 17:12 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей Оңтүстік  Кавказ мәселелерін шешу қажеттігін баса айтты

Иран мен Ресей президенттері телефон арқылы сұхбатта екі ел арасындағы диалог пен 3+3 келіссөздерінде Оңтүстік Кавказ аймағының мәселелерін шешу қажеттігін қуаттады.

 

Сейсенбі күні РФ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Раиси екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ілгерілеуін қолайлы деп бағалап, бірлескен келісімдер мен жоспарларды, соның ішінде тасымалдау, энергия алмасу және Солтүстік-Оңтүстік бағытын аяқтау салаларында жүзеге асыруды жеделдетуге баса назар аударды.

Иран Президенті Ресейдің Иранның БРИКС тобына мүше болуына қолдау көрсетуін алғыс айтып: "БРИКС – көпполярлы әлемді қалыптастыруда тиімді және Иран, Ресей және басқа мүше елдер арасындағы екіжақты, аймақтық және халықаралық қарым-қатынастарды кеңейту үшін қолайлы өріс болып табылады",- деді.

Осы телефон сұхбатында Ресей Президенті Рашт-Астара темір жолының тезірек іске асуына және Иран, Әзірбайжан және Ресей теміржол желілерінің бір-бірімен қосылуына және оның екі ел арасындағы сауда алмасуының артуына айтарлықтай әсер ететініне үміт білдіріп, Иранды Ресейдің стратегиялық серіктесі  деп атады.

 

Тегтер