Қыр 29, 2023 18:07 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Нұр-3" жерсерігін ұшыру – Сақшылар корпусының жаңа бір жетістігі",-деді.

Казем Седдиқи: "Сақшылар корпусының қаһарман да намысшыл жауынгерлері жаңа жетістікке қол жеткізді: "Нұр-3" жерсерігі ғарышқа ұшырылып, 450 км биіктіктегі орбитаға шығарылды",-деді.

Казем Седдиқи Теһран жұма намазының құтпаларында Бірлік аптасымен құттықтап: "Бірліктің құпиясы – Құран мен құбыла. Бірақ Қағба жолын бізге көрсету үшін Құранмен бірге түсіндіруші және жол көрсетуші керек",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері өз сөзінің басқа бір бөлігінде Иран Президентінің БҰҰ-ға сапарына тоқталып: "Раиси БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында мақтан тұтарлық әрекет жасап, Құранды Ислам әлемінің бірлігі мен салтанатының байрағы ретінде көтеріп, әлем халқына "Құранды жағу ондағы адамды ізгілендіретін және бірлікке бастайтын түсініктер мен тағылымдарды жоймайды" деп айтты",-деді.

Тегтер