Қыр 30, 2023 18:58 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан ислам елдерінің Сыртқы істер министрлеріне  құттықтау жолдады

Иран Сыртқы істер министрі әлем мұсылмандары мен  ислам елдеріндегі әріптестерін Бірлік аптасымен құттықтады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында Бірлік апталығына байланысты: "Имам Хомейнидің (р.а.) Бірлік аптасын атаудағы бастамасы мұсылман ынтымақтастығы мен ислам мемлекеттерінің ең жоғары адами құндылықтар мен адам бақытына жету жолындағы жақындасуына негізделген",- деп жазды.

Сүнниттер раби әл-әуәл айының 12-сі және шиіттер осы айдың 17-сін Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) туған күні деп санайды.

Ислам әлеміндегі бірлік жаршыларының бірі болған Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейни (р.а.) бұл мәселені исламдық топтарды біріктіру және жақындастыру үшін пайдаланып, осы екі күннің арасын «Бірлік аптасы» деп атады.

 

 

Тегтер