Бір ирандық және төрт шетелдік Мұстафа (с.ғ.с.) сыйлығын жеңіп алды
(last modified Sat, 30 Sep 2023 14:49:48 GMT )
Қыр 30, 2023 20:49 Asia/Almaty
  • Бір ирандық және төрт шетелдік Мұстафа (с.ғ.с.) сыйлығын жеңіп алды

Мұстафа (с.ғ.с.) сыйлығының бесінші кезеңі кеше, жұма күні Исфахан қаласында (Иранның орталығы) Бірлік апталығымен бір уақытта және Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің қатысуымен өтіп жатыр.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биылғы фестивальде   Мұстафа (с.ғ.с.) ғылыми сыйлығының иегерлері жарияланып, олардың  бірі Иранның ғалымы болды.

Гарвард университетінің ирандық профессоры Омид Фаррохнежад «Полимер нанобөлшектеріне негізделген жаңа препараттарды жобалау, әзірлеу және клиникалық бағалау» тақырыбындағы зерттеулерімен биология және медицина ғылымы мен технологиясы саласындағы Мұстафа (ғ.с.) сыйлығын ала алды.