Руханидің Керман облысында өткізген ақпарат отырысында сөйлеген сөзі
(last modified Wed, 11 May 2016 15:32:36 GMT )
Maм 11, 2016 21:32 Asia/Almaty
  • Руханидің Керман облысында өткізген ақпарат отырысында сөйлеген сөзі

Иран президенті "Америка сот мекемесінің Иран халқының 2 млрд доллар активін тәркілеу шарасы халықаралық ережелерге қайшы келеді" деді.

Иран президенті Хасан Рухани үкімет делегациясының Иранның оңтүстігінде орналасқан Керман облысына екі күндік сапарының соңында тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде: «Үкіметтер мен мемлекеттердің орталық банкі иммунитетке ие. Бір елдің сот мекемесі өзге бір елдің үкіметі мен орталық банкін соттай алмайды.

Америкалық сот мекемелері заңсыз тақырыптарға сілтеме жасап, Иранның мал-мүлкіне қол салуды көздейді. Үкімет Иран халқы мен орталық банкінің 2 млрд доллар активінің тәркіленуі тақырыбын қарастыру үшін комитет құрды. Осы комитет тақырыпқа шолу жасап, президентке есеп ұсынуы тиіс» деді. Рухани сондай- ақ халықаралық заңдардың үкіметтер мен орталық банктің иммунитетке ие екендігін қуаттайтындығына сілтеме жасап, Иран үкіметінің америкалық сот мекемесінің қате әрекетін халықаралық трибуналдарға тарту үшін қажетті жобаларды дайындайтынын мәлімдеді.