Қаз 06, 2023 21:38 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан Хомс провинциясындағы әскери колледжге жасалған лаңкестік әрекеттен кейін Сирия халқына  көңіл айтты

Иран Сыртқы істер министрі  сириялық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен кезде Сирияның Хомс провинциясындағы әскери колледжге жасалған лаңкестік шабуылды айыптады.


 

Кеше (бейсенбі) лаңкестік топтар Хомс провинциясында (Батыс Сирия) әскери колледж офицерлерінің оқуын бітіру рәсіміне ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасады.

"Әл-Ахбария" Сирия желісі бұл лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 89 адам, оның ішінде 5 бала мен 31 әйел, жараланғандар саны 2277 деп хабарлады.

Фейсал Микдад мұндай әрекеттердің артында АҚШ қолдайтын лаңкестік топтар тұр деп санайды.

 

 


 

 

Тегтер