Генерал-майор Бағери: "Әл-Ақса дауылы" операциясы сионистік режим айбынының жалған екенін дәлелдеді
(last modified Sun, 08 Oct 2023 15:30:27 GMT )
Қаз 08, 2023 21:30 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери:

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы ХАМАС-тың мақтанышқа толы операциясымен құттықтап: "Әл-Ақса дауылы" операциясы сионистік режим айбынының жалған, құдіретінің бос екенін тағы бір рет дәлелдеді",-деді.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Мұхаммед Бағери өз хатында: "Палестина қарсыласу қозғалысының жауынгерлері тұтқиылдан бастаған операцияда сионистік режим армиясының позицияларына әуе, теңіз және құрлықтан шабуыл жасап, жапа шеккен халықтың табанды қарсылығының жарқын сахнасын көрсетті",-деп жазды.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: "Егер бір күні Палестинаның қорғансыз халқының интифазасында тас жалғыз қорғаныс құралы болса, бүгінде палестиналық күрескерлердің күрделі операция жүргізуге күш-қуаты жетеді. Олар мыңдаған зымыран атып, сионист дұшпанға ауыр соққы берді. Оның темір күмбезін бұзып, қорғаныс қабілетінің әлсіз екенін көрсетті",-деді.

Генерал-майор Бағери: "Палестина жастары әл-Ақса мешітін сионист дұшпанның қолынан азат ететін күн алыс емес",-деді.

Тегтер