Ислам революциясының жетекшісі: 7 қазандағы дауыл - сионистік режимнің орны толмас сәтсіздігі
Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимнің «Әл-Ақса дауылы» шабуылындағы әскери және барлау тұрғысынан сәтсіздікке ұшырауы орны толмас сәтсіздік және жойқын жер сілкінісі болғанын және батыстықтардың барлық көмегімен басып алушы режимнің бұл оқиғаның өзінің басқару құрылымдарына тиген терең соққыларын жөндей алуы екіталай екенін қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі әрі Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи сейсенбі күні Қарулы күштердің офицерлік жоғары оқу орындары түлектерінің бітіру рәсімінде Палестина жастарының жуырдағы ерлігінде сионистік режимнің түзетілмейтін сәтсіздігіне тоқталып: "Бұл жойқын дауылдың себебі - жалған басып алушы режимнің Палестина халқына қарсы үздіксіз қатыгездігі мен жауыздығы. Бұл режим Газаға жасалған шабуылда және оның халқын өтірік айту және қысым көрсету арқылы қырғындауда өзінің сұмдық және қу жүзін жасыра алмайды. Сондай-ақ бұл режим палестиналық жастардың батылдығын және олардың ақылды жобасын палестиналық еместердің қолына жүктей алмайды",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі Палестина жастарының ерлігі болған сенбі (7 қазан) күнінен кейін сионистік режим бұрынғы сионистік режим емес екенін баса айтып: "Бұл үлкен апаттың себебі сионистердің өздерінің әрекеттері. Өйткені қатыгездік шегінен асқанда дауылды күтуге тура келеді",- деп айтты. Ол палестиналық моджахедтердің ержүрек және жанқиярлық әрекетін басқыншылардың ұзақ жылдар бойы жасаған қылмыстарына жауап ретінде атап: "орын алып жатқан оқиғалардың кінәлісі - басып алушы режимді басқарып отырған қазіргі үкімет, ол езілген Палестина халқына қарсы қандай да бір сұмдық әрекет жасаудан тартынбады",- деп мәлімдеді. Хазірет аятолла Хаменеи басқыншы режимнің зұлымдығына сілтеме жасап: "Қазіргі тарихта ешбір мұсылман халқы арсыз және қатыгез сионистік режим сынды дұшпанға тап болып, палестиналық халық сияқты қысымға, қоршауға және тапшылыққа ұшыраған емес. Оның үстіне Америка мен Англия ешбір жауыз үкіметті Израилдің заңсыз үкіметіндей қолдамады",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі палестиналық ерлер мен әйелдерді, балалар мен қарттарды өлтіруді, әл-Ақса мешітін қорлауды, құлшылық етушілерді тепкілеуді және қарулы қоныстанушылардың палестиналықтарды өлтіруін сионистік режимнің қылмыстары деп атап: "Абыройлы да мыңдаған жылдық тарихы бар Палестина халқының осынау жауыздық пен қылмыстың алдында «дауыл» көтеруден басқа амалы қалды ма?" деген сұрақты көтерді. Аятолла Хаменеи зұлым режимнің өзін мазлұм көрсету талпыныстары мен әлемдік үстемшіл ақпарат құралдарының бұл тақырыпты әлемнің қоғамдық пікіріне сендіру көмегіне сілтеме жасап: "Сионистік режимнің өзін мазлұм көрсетуі шындықұа керісінше 100 пайыз өтірік және бұл құбыжықты ешкім мазлұм қылып көрсете алмайды",- деді.
ИИР Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы сондай-ақ имам Әли (ғ.с.) атындағы офицерлік университеттер түлектерінің бітіру рәсімінде сөзінің басында қарулы күштерді қауіпсіздік, ар-намыс және ұлттық болмыстың болат қамалы деп атап: "Ұлттық қауіпсіздік – елдің алға жылжуына ықпал ететін барлық маңызды бағдарламалық қамтамасыз етудің инфрақұрылымы. Қауіпсіздік болмаса, ештеңе де болмады",- деп мәлімдеді.