Қаз 11, 2023 16:42 Asia/Almaty
  • Канани: Сионистердің әскери және барлау сәтсіздіктері әлемге әшкереленді  

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы тілшілерді өлтіру сионистік режим мен оның қылмыстарының орны толмас сәтсіздігінің  әшкереленуіне кедергі болмағанына тоқталып: "Заңсыз Израиль режимінің жалған іргетасы бұрынғыдан да дірілдеп, оның жанжалдары мен әскери және барлау қызметінің сәтсіздігі әлем құлағына жетті",- деді.

 

Дипломатиялық қызметтің ақпарат хатшысы Х әлеуметтік желісінде араб тілінде таратқан хабарламасында сионистік режимнің қырғи ұшақтарынығ Газаға жасаған шабуылдары мен осы режимнің Газа секторындағы қоршауды күшейтіп, Газа секторындағы су мен электр қуатын  тоқтатып, тұрғын үйлер мен қызмет көрсету және медициналық мекемелерді кең көлемде бомбалауды және Газа халқына қарсы ақ фосфор бомбаларын қолдануды сионистік режимнің осы аймақ халқына қарсы соғыс қылмыстарының мысалы деп атады.

 

Тегтер